Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда медициналық маска киген азамат дүкен сатушысына шабуылдаған

Петропавлда қаланың орталығындағы аяқ киім дүкеніне медициналық маска киіп, қаруланған азамат шабуыл жасаған. Қазір осындай іске барды деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғыны ұсталған.

FC05B435-7631-48F1-B0AC-047DB2C79469_cx0_cy5_cw0_mw1024_mh1024_s

« Полицияға қала орталығындағы Интернациональная көшесінің бойындағы аяқ киім дүкеніне шабуыл жасалғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Дүкенге қарумен кірген жігіт сатушыны қорқытып, бағалы заттарын талап еткен. Бопсалаушы кассадағы бір күндік ақша мен сатушының қымбат заттарын алып алған. Кейін белгісіз бағытқа қарай қашып, ізін суытқан»,-дейді  ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына полиция мен иісшіл иттер жеткізілген. Жедел іздестіру жұмыстарының арқасында күдікті ұзақ уақыт өтпей қолға түскен. Күдікті бұрын соңды істі болмаған қала тұрғыны екен.

«Бізге дүкенге қойылған бейнебақылаудың көмегі тиді. Жедел іздестіру тобы күдіктінің сырт бейнесін көріп, іске кірісті. Қазір болған жайт бойынша шабуылдау, өзгенің мүлкін иемдену мақсатында қарумен шабуылдау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-дедйі ІІД баспасөз хатшысы.

Осы бап бойынша қозғалған істе 5 жыл мен 10 жылдың аралығында, мүлкін тәркілей отырып бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Талқылау