Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда медицина колледжінің асханасы нағыз тойханаға айналған

Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің асханасы нағыз тойханаға айналған. Соңғы уақыттарда сабақ өтіп жатқанына қарамастан үйлену тойлары, ас беру сияқты шаралар жиі өткізілетін болыпты.

тойхана

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мемлекеттік білім ордасының ғимаратындағы бұл жағдай алдымен оқу процесіне кедергі келтіреді, – дейді студенттер. Ал бүгін Астанада есеп берген облыс әкімі Ерік Сұлтанов болса, асхананы жалға беріп, пайда тауып отырған кәсіп туралы білмейтін болып шықты.

Ол жерді орта кәсіптік оқу орнының асханасы демесеңіз, кәдімгі тойханадағы үйлену тойлары ұйымдастырылады. Дастарханға ішімдіктің түр-түрі қойылып, қожайын қонақ еткен жүздеген адам ойнап-күліп, шараны барынша көңілді өткізіп береді.

Ал мемлекеттік оқу орнына кіру тіптен қиын.Мұнда студенттердің “асхананың екі бөлікке бөлінеді деген сөздерінің рас екенін аңғаруға болады. Өйткені дәл ортасынан ұзыннан ұзақ перделер ілінген. Оның үстіне студенттер тамақтанатын орынның екінші бөлігіндегі үстел мен орындықтар қонақтарға дайындалғандай жайғастырылған. Дегенмен асхана қызметкерлері той мен өзге де шаралардың өтетінінен хабарсызбыз дейді.
Ал бүгін Астанада журналистердің сұрағына жауап берген облыс әкімі бұл туралыжурналистерден естіген. Дегенмен мемлекеттік мекемедегі мұндай жайтты “жұмыс орныма бара сала шешемін”,- деп уәде берді.

«Үйлену тойларын өткізіп жүргенін дұрыс емес деп ойлаймын. Өз басым бұл туралы білген жоқпын. Сондықтан бұл сұрақты облысқа барған бетте міндетті түрде шешемін»,-деді СҚО әкімі Ерік Сұлтанов.

Талқылау