Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда мәдениет үйінің ұжымы басшыларына қарсы шықты

4 жыл бойы өнер ордасын басқарып отырған Сұлушаш Жанболатова лауазымына сай келмейді дейді олар. Басшының ұдайы орнында болмайтыны былай тұрсын, шаһарда өтетін түрлі мәдени шаралар қарсаңында үнемі «ауырып» қалады екен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

мва

Әншілер тіпті оны не жұмыс жоспарын, не сценарий жаза алмайды деп айыптады. Ал шыдамдары бастықтың жергілікті басылымға берген сұхбатынан кейін шегіне жетіпті.

Жергілікті газетке берген сұхбатында Сұлушаш Жанболатова бұл қызметті өзінен бұрын атқарған Алма Банныхты сынаған. Бірақ қазір ісі сотта қаралып жатқан оны бүкіл ұжым жақтап отыр. Наурыз мерекесінде түсірілген мына кардрларда сол Алма Банных сахнада ән айтып, түрі сайыстар ұйымдастырып жүр. Соңғы жылдары осы мәдениет үйінің методисі болып жүрген оған «басшы болған кезде қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылыпты. Сотқа тайлы-тұяғы қалмай барып жүрген әртістер Алманың ақталарына сенімді.

“Біреулерге кедергі жасағаны анық. Өйткені ары да, жаны да таза ол ешкімге иілмейді, мінезі тік. Өз арамыздан шыққан жан, бізге жаны ашып жүретін. Кәсіби деңгейі биік, өз ісінің нағыз шебері”, – дейді мәдениет үй кадр бөлімінің басшысы Гүлмира Ишмәметова.

Енді әртістер мәдениет үйінің жылдар бойы жинаған абыройын бір сәтте төкті деп қазіргі басшының өзіне шүйлігіп отыр. Айтуларынша, Сұлушаш Жанболатова шаһарда ұйыстарылатын шаралар қарсаңында ауыра береді екен. Тіпті солардың сценариін жазуға да білімі жетпейтін көрінеді. Салдарынан концерттер жоспарланған мерзімде өтпей, көрермен де мәдениет үйіне келуді қойған. Есесіне, біздің үстімізден арыз жазып, әкімдікке шабады да жүреді дейді әртістер.

Қалалық әкімдіктегілер бұл даудан хабардар. Енді олар Мәдениет үйі басшысының тағдырын мамырдағы мерекелерді ұйымдастыруына қарап шешпек.

“Көреміз жұмысын. Қалай ары қарай істейтінін жұмысты. Осы аптада бізде мемлекеттік мерекелер басталады, соған орай сол ұжымдар жұмыстарын дұрыс аяқтау керек. Соны ойлап тұрмын”, – деді Петропавл қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Әлия Бейсенова.

Мамырдағы мерекелік шаралар аяқталысымен шенділер мәдениет үйінде қызметтік тексеру жүргізбек. Бірақ биыл күзде зейнетке шығатын бастықты өрескел заңбұзушылық болмаса, қызметінен бәрібір босата алмайды екен.

Талқылау