Петропавлда қыстың қақ ортасында бірнеше баспананы су басты

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан , 2015 21:53

Петропавлда қыстың қақ ортасында бірнеше баспанаға су кіре бастаған. Тұрғындар үйлеріне судың қайдан ағып келіп жатқанынын білмейді. Жағдайдың жалғасып жатқанына аптаға жақын уақыт болса да, ешбір мекеме көмекке асықпайды дейді тұрғындар.

ce ,fcns

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Клара Қарсенбаева бірнеше күн бұрын үйіне су кіре бастағанын айтады. Содан бері шағымын айтып аяқ баспаған жері қалмаған. Еш нәтиже шықпаған соң үйде тұру мүмкін болмай балалар мен немерелерін алып, туысқандарын жағалай паналаудан басқа амалым қалмады дейді.

«Осылай қатып тұр. Оған дейін сенек бәрі су болып тұрды. Үйден шыға алмай қалдық. Таңертең келіп көршілер қазып шығарып алды»,-дейді қала тұрғыны Клара Қарсенбаева

Дәл осылай көрші үйлердегі тағы бірнеше баспанада да судың деңгейі көтеріле берді дейді тұрғын. Көктем айларында жер асты суы жиналатыны рас, бірақ қыстың көзі қырауда баспанаға су кіретін жағдай бірінші рет болып тұрғанына өзіміз де таңбыз дейді.

Тұрғындардың сөзінше, бірде бір өкілетті орган бұған жауапты емес екенін айтып, ат -тонын ала қашқан. „Қызылжар су„ мекемесі де арнайы тексеріс нәтижесі бойынша үйлерге кірген судың бізге қатысы жоқ деп ағынан жарылды. Айтуыларынша құдық маңынан үйлерге су жиналмаған.

«Құбырлардың жалғанатын жері мүмкін ақау шыққан шығар деп тексердік. Дегенмен құдық суын сорып алып, тексеріп көрдік. Апат болмаған»,-Дейді «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау кешенінің бастығы ЕржанҚұсымбаев.

Осылайша кінәні ешкім мойынына алып, олқылықты жөндеуге асығар емес. Ал айдың күннің аманында далада қалған ана жаңа жылды өз үйімде қарсы алмайтыным белгілі дейді.

«Мынадай су өмірі болған жоқ. 10 жыл тұрамын. Енді білмеймін кімге барып не істерімді. Бір-біріне сілтеп отыра береді. Масқара ғой не деген сұмдық. Өмір сүру мүмкін емес болып кетті»,-дейді қала тұрғыны Клара Қарсенбаева.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар