Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда қымбат көлікпен жүріп параға тиын алған полицейлерді генералдар түсінбей қалды

Петропавлда бір айда үш бірдей тәртіп сақшысы парамен ұсталды. Бұрын соңды мұндай сұмдықты көрмеген облыстың бас полицейі қолға түскендердің тікелей басшыларына қатаң сөгіс жариялап, қызметтерінен қуды.

bcf7665e17ae119c35e824d1075

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Ақша дәметкендердің бірінің әкесі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы екен. Баласының әрекетін масқара санады ма, ол ауруханадан бір-ақ шығыпты.

Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы басшыларының бәрі дерлік генералдың алдында бастарын көтере алмай күмілжіді. Өйткені қарамағындағы 2 капитан қылмыстық істі жабу үшін күдіктіден 100 мың теңге талап еткен екен. Парақорлар ақша алып жатқан жерінде ұсталыпты.

Әрі екеуі де тәртіп сақшыларының отбасынан шыққан. Капитан Ербол Шайыновтың әкесі тіпті аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы. Ұлына Прадо мінгізіп қойған әкесі қазір ауруханада жатыр.

«Қымбат автокөлікпен жүріп, осындай 100 мың сомасында пара алуын біз түсінбей отырмыз. Бұл қызметкерлердің айлықтары бар, жабдықталған, сондай көлемдегі ақша пайда әкеледі деп ойламаймын. Өзімізге де түсініксіз болып отыр»,- дейді СҚО ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Серікжан Жолдыбаев

Көлігінің бір айлық жанармайына да жетпейтін ақша дәметкендердердің өздері қазір абақтыға тоғытылған. Ал жол ережесін бұзған жүргізушіден 20 мың теңге талап еткен Есіл аудандық ішкі істер басқармасының қызметкері Дархан Әбілев кепілдікпен босатылыпты.

«Өткен жылдың соңында 100 миллион теңгені сыйақыға бөлдік. Басқа облыстарда ол да жоқ. Көліктерің бар, киіммен қамтылғансыңдар, не жетпейді сендерге?»,-дейді СҚО ІІД бастығы Берік Біләлов

Ақыры үш парақор үшін түрлі деңгейдегі 4 бастық қызметінен алынып, 20- ға жуық тәртіп сақшысына қатаң сөгіс берілді.

Талқылау