Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда құрамында антибиотиктер бар шұжықтар өртелді

Петропавлда құрамында антибиотиктер бар шұжық табылды. Тексеру барысында тәркіленген шұжықтарда левомицитиннің көлемі рұқсат етілген мөлшерден 100 есе асып түскен. Олардың бәрі Петропавл қоқыс полигонында өртеліп, жойылды. Алайда, қауіпті өнімнің басым бөлігі сатылып кеткен екен. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Петропавлда құрамында антибиотиктер бар шұжықтар өртелді

Санитарлар жарамсыз деп тапқан қауіпті өнім көршілес Ресейден жеткізілген. Өнімдердің құрамында өте көп мөлшерде левомицетин болған. Ол жануарлар ағзасына бордақылау кезінде түсуі мүмкін. Кәсіпкерлер, мол пайдаға кенелу үшін жануарлар ауруға ұшырамасын деп, малдарды, тауықтарды шамадан тыс дәрілейді.

Сонымен қатар, жергілікті және импорттық шұжықтан да левомицетин табылған. Санитарлар енді өз мүдделеріне нұқсан келтірген ет зауыттарын ескертусіз тексеруге құқылы. Бірақ қазір олар импорт пен өндіріске тыйым салайын деп отырған жоқ. Бүгінде сату желісіне қаншалықты қауіпті шұжықтар шығарылғаны белгісіз.

«Әрине токсикологиялық улану, болмайды. Бірақ тұрақты жинақтау дисбактериозға және басқа да салдарға әкеледі. Ағза дәріге үйреніп кеткеннен кейін антибиотикалық терапия нашарлайды. Содан адамның иммундық жағдайы төмендейді», – дейді Петропавл қаласының денсаулық сақтау департаментінің бастығы Еркін Ыбраев.

Оқи отырыңыз:

Алматыда бес күн бұрын жоғалып кеткен 4 жасар баланың әжесі немересін біреулер ұстап дейді

Ақтөбелік кәсіпкерлер Рамазан айында арақ саудасынан бас тартып жатыр

Алматы метросында пойыздардың жүру кестесі өзгереді

Талқылау