Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда көшеде кездескен ер адамды азаптап өлтірген екі қаныпезер сотталды

Петропавлда ер адамды өлімші етіп азаптаған екі жігітке сот үкімі шығарылды: әрқайсысы 9,5 жылдан бас бостандығынан айырылды.

79675_590x371
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Әрқайсысы 9,5 жылдан бас бостандығынан айырылды және жәбірленушінің анасына моральдық зиян үшін 1 миллион теңгеден өтемақы төлейді.
“Сот анықтағандай, 2016 жылы 25 ақпанда Петропавл қаласы Островский көшесіндегі пәтерде сотталушылар ішімдік ішкен. Алкоголь таусылған кезде, олардың бірі дүкенге барады. Жолай бейтаныс ер адамды көріп, ішімдік ішуге пәтерге шақырады. Содан кейін жәбірленуші мен сотталушы арасында сөзбен теке-тірес орын алып, төбелес үй ауласында жалғасын тапқан”, — делінген үкімде.
Сотталушылар екі жақтап жабылып, жәбірленушіні соққыға жыққан. Алған дене жарақаты салдарынан 42 жастағы ер адам қаза тапты. Сот сотталушыларды айыпты деп тауып, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес тоғыз жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар, сотталғандар жәбірленушінің анасына моральдық зиян үшін әрқайсысы 1 миллион теңгеден өтемақы төлейді.

Жіберіп алмаңыз:
Талқылау