Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда көктайғақтың кесірінен екі күнде жүзден астам адам зардап шекті

Арасында жағдайы тым мүшкілдері де бар дейді дәрігерлер. Тұрғындар бұған көшелерге құм мен тұз сеуіп үлгермеген коммуналдық қызметтегілерді кінәлап отыр,-деп жазды КТК арнасы.

Екі күн бойы бір еріп, бір қатқан қар теріскейліктерді әбден әбігерге салды. Осы күндері  қалалық аурухананың жарақат бөліміне көктайғақтан зардап шеккен 100-ден астам адам келіпті. Көбі – көшеде құлап, аяқ-қолын сындырғандар. Аяғы сынып кеткен мына ер адамды дәрігерлер Есіл ауданынан жеткізді. Ақ халаттылардың  айтуынша, бұлай зардап шеккендерді аяғынан тұрғызу үшін ұзақ емдеу керек.

«Түске дейін-ақ алпысқа жуық адам келді. Тәжірибеме сүйсеніп айтсам, кешке  жарақат алғандар тіпті көп болатыны анық.  Қар күндіз еріп, кешке қатып жатыр. Ең қауіптісі де осы»,-дейді дәрігер травматолог Валерий Грибашев.

Оқи отырыңыз:

Атырауда салафилер 2 оқушы қызға үйленіп «талақ» айтып тастап кеткен

Кириллицада жазылған мәтінді жаңа қазақ әліпбиіне автоматты түрде аударуға болады

Келінімнің ішін қатты басып, жатырын алып тастаған: Немересінен айырылған Қызылорда тұрғыны дәрігерлердің кінәсін айтып берді

Талқылау