Петропавлда қызылшамен ауырған әйел ерте босанып, сәбиі шетінеп кетті

Петропавлда қызылшамен ауыратын жүкті әйел босанғаннан кейін баласы шетінеп кетті.

Петропавлда қызылшамен ауырған әйел ерте босанып, сәбиі шетінеп кетті
Естеріңізге сала кетейік, облыстық перинаталды орталықта 26 ақпаннан бастап қызылша карантині енгізілген, атап айтқанда, мұнда серіктестік босануға жол берілген жоқ, деп хабарлайды Sputnik.

Оқшауланған бөлмеде қызылшамен ауыратын жүкті әйел дәрігерлердің бақылауында болды. Ол мерзімінен бұрын босанды. Нәрестенің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Жанна Маутова хабарлағандай, жүкті әйел инфекциялық аурулар ауруханасында қызылшамен емделді.

«Оның асқазасы ауырып, бізге берілді, біз оған оқшауланған бөлімді бөлдік. Әйел ерте босанды, екінші күні қанағаттанарлық жағдайда болғандықтан біз оны қызылша емдеуге жібердік», - деді Маутова.

Оның айтуынша, бала ауыр жағдайда туды. Оны құтқару мүмкін болмады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында осы аптада қызылшамен ауыратын 23 жағдай тіркелді. Өткен аптаның соңында 101 науқас болды Қызылшамен ауыратындардың жартысы 14 жаска дейінгі балалар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Загрузка...
Қазір оқып жатыр