Петропавлда қайғыға шыдай алмаған әйел өрт сөндірушілердің көзінше асылып өлді

Сәрсенбі, 6 Қаңтар , 2016 9:09

Петропавлда дәл жаңа жыл қарсаңында жер үйден шыққан өрттің кесірінен екі адам қаза тапты. Оның бірі өрт сөндіруші. 27 жастағы командирдің үстіне үйдің төбесі құлап, жаншып жіберген. Ал екіншісі осы үйді жалға алған әйел. Қайғыға шыдай алмаған үш баланың анасы өрт сөндірушілердің көзінше сарайда асылып өліпті.

jhntyuty eqqq

Ыстан уланып, есінен тануға шақ қалған еркекті өрт сөндірушілер сыртқа алып шықты. Ал үйі отқа оранған шақта дүкеннен оралған әйел есі шығып, оқыс қадамға барған.
«Оның жанұшыра айғайлаған дауысы әлі құлағымда. «Біреудің үйін өртедім, құжаттарым күйіп кетті, несиені қалай төлеймін» деп зар жылағанда не істерімізді білмедік. Бір кезде көзден таса болды. Кейін оның асылып тұрған денесін өрт сөндірушілер сарайдан алып шықты»,-дейді көршісі Ольга Шнайдер.

Әйелдің үлкен ұлы 20-да, кенжесі небәрі алты жаста ғана екен. Өрт шыққан сәтте олар үйде болмаған. Бұл осы отта ажал құшқан жалғыз жан емес. Өрт сөндіру бөлімшесінің командирі Алтынбек Әбдірахмановтың үстіне төбе құлап, өкпесін жаншып жіберген.

«Өрт сөндірушілер бәрін тастап, командирді құтқаруға ұмтылған. Үйіндінің астынан алып шығып, дереу сол жерде тұрған жедел жәрдемге апарды. Бірақ дәрігерлер ештеңе істей алмады. Әріптесіміз төбе құлаған сәтте бірден мерт болыпты»,-дейді СҚО ТЖД Жедел басқару орталығының бастығы Жанат Смағұлов

27 жастағы жігіттің артында 4 және 3 жасар екі баласы қалды. Ал өртпен құтқарушылар он екі сағат бойы арпалысыпты. Қазір бұл оқиғаға байланысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалды. Өрт, еңбек қауіпсіздігін сақтамау және суицид.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар