Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі оқушы қыз ұрыны аңдып жүріп, ұстауға көмектескен

Қалта тонаушысы 16 жастағы қыздың қалтасынан ұялы телефонын ұрлап алған. Телефонының жоғалғанын байқаған оқушы қыз ешкімге байқатпастан полицейге хабарлаған.

11219055

Бұл туралы СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағандықова хабарлайды.

«Оқушы қыз жан-жағына қарап тұрып, ер адамның өзінің ұялы телефонын ұстап тұрғанын байқап қалған. Ол тез арада құрбысынан бұл жайлы полицейге хабарлауын сұрайды. Өзі ұрының соңынан аңдымақ болып, ізіне түседі. Бірнеше жер жүрген соң қыз полицейлерді көрген. Полицейлер қалта тонаушыны ұстады», – дейді Сағандықова.

Ұрының қалтасында телефон болған. Кейін анықталғандай ол басқа адамға тиесілі болып шықты. Одан бөлек оның қалтасында өзге біреудің атындағы тағы бір телефон бары анықталды.

Қырағылығының арқасында полицейлердің ұрыны ұстауына көмектескені үшін оқушы қыздарға қалалық ІІБ-ның басшысы, полиция полковнигі Анатолий Мурзыкановтың атынан алғыс хат табысталды.

Талқылау