Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Петропавлда екі қызды қағып кеткен желаяқ жаяу шекара асып кетті
Петропавлда көлігімен екі қызды қағып кеткен күдікті жаяу шекара асып кетті. 26 жастағы Петропавл тұрғыны Илья Старухин апаттан екі сағат өткеннен кейін Ресей шекарасына өтіп кетті. Бүгінде оның бағыты барлық ТМД елдеріне жіберілді, сот оны сырттай қамауға алу туралы шешім қабылдады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.
Апат 15 қыркүйекте Петропавл қаласындағы түнгі клубтың жанында таңғы сағат 04:30-да болды. 26 жастағы жігіт көлігімен екі қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленушілердің бірі бұрынғыша комада жатса, ал екіншісінің жағдайы тұрақтанды.
Қыздарды қағып кеткен күдікті оқиға орнынан бірден ізін суытқан. Туыстары да Старухиннің қайда кеткенін білмейтіндерін айтуда. Іздеудегі қашқын бұрын сотталмаған және оның әйелі, бір баласы бар. Ресейге жаяу қашып кеткен жігіт енді 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Талқылау