Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда дәрігерлерді күлдіргісі келген азамат өзін біреулер ұрлап кетті деп көмек сұрап хабарласқан

Петропавлда өзін-өзі ұрлап кеткені туралы жалған ақпарат берген адам ұсталды. 39 жастағы қала тұрғыны жедел жәрдем қызметінің дәрігерлерін дүрліктіріп, өзін қамауда ұстап отыр деп әзілдеген.

әзілқой

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ұсталған азамат 103 нөміріне хабарласып, өзін белгісіз біреулер ұрып-соққанын айтқан. Ақшасын тартып алып, қала іргесіндегі темір жол маңында иесіз ғимараттардың бірінің жер төлесінде ұстап отырғанын хабарлаған.

Құқық қорғаушылар барлық орындарды тексеріп, қамауда отырған адамды таппағаннан кейін телефон шалған тұрғын іздестірілген. Кейін белгілі болғандай, Жұмысшы ауылының тұрғыны дәрігерлерге мереке күнінде әзілдемекші болыпты. Сөзінше, тек жарылғыш зат туралы жалған хабарлама үшін ғана жауапкершілікке тартылады деп ойлаған. Әзілқой бұл ісі үшін енді 60 мың теңгеге дейін айыппұл төлейтін болады.

 

Талқылау