Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда бұзақылар орталық көшедегі безендірулі шарды дөңгелетіп әкеткен

Екі қала тұрғыны мас күйінде безендірілген екі үлкен шарды дөңгелетіп алып кетпек болған. Олардың бұл әрекеті бақылау бейнекамерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

а

 

Адам бойынан биік шарлар сол көшенің бойынан табылған. Полицейлер осы іске қатысты 20 және 30 жастағы ер адамды ұстады. Алайда, олар бұл шарлардың неліктен керек болғанын түсіндіріп бере алмапты.

Қазір шардың бірі бұрынғы орнына қойылды. Ал, екіншісі дәлелдік зат ретінде ішкі істер басқармасы бөлімінің алдында тұр. Бұл әрекеттері үшін екі азаматқа 200 мың теңге айыппұл салынуы немесе олар 10 күнге қамалуы мүмкін.

Талқылау