Петропавлда бұрынғы мектепті қаңғыбастар түнейтін орынға айналдырған

Бейсенбі, 28 Қаңтар , 2016 10:00

Өңірде қатты аяз тұрғанын ескерген билік оларға бос ғимарат тауып беріпті. Тәртіп сақшылары қаңғыбастарды сонда тасып жатыр. Бір қызығы жағдайларына қарамастан олардың бәрінің бірдей мұнда келгісі жоқ.

 ff1b7acd8a102c02aa6c87b5fbcac903

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Түнегендерінің өздері таңертең қайта шығып кететін көрінеді. Сырт көзге бұл ғимарат пешпен жылытатын кәдімгі жер үй. Бұрын мұнда мектеп болған екен. Екі сынып пен спорт залына жергілікті ауруханалардан әкелінген темір кереуеттер қойылыпты. 50 орынға шақталған үйге қазір 20 шақты қаңғыбас келіп түнеп жүр.

Қаңғыбастарды тәртіп сақшылары құбырлардан, жертөле мен құдықтардан тауып әкеледі. Ұдайы мас күйде жүретін олар қатты аязды сезбей, аяқ-қолын үсітіп алады екен. Бір қызығы, жылы жерге түнеуге бәрі бірдей келісе бармейтін көрінеді.

“Көбі енді өзінің еріктерімен келгісі келмейді. Өйткені ана жақтан жылы орнына келмеу себебі бірқалыпты өмірге үйреніп қалған. Қылмыстан қашып жүргендер болады”, – дейді Петропавл қалалық ІІБ қабылдап-тарату орталығының бастығы Әділ Қайридденов.

Осында түнеп үйренгендері керісінше, мұндай көмекке риза. Сапарбек Меңдіғұлов әйелі қайтыс болғаннан кейін ішіп кетіпті. Енді құбыр мен құдық жағалап өмір сүріп жүр.

“Үкіметке алғыс айтамын. Далада жүрген кісілерге осыны істеп бергені үшін рахмет”, – дейді Сапарбек Меңдіғұлов.

Мұнда кешкі алтыдан таңғы тоғызға дейін келуге рұқсат. Бұл жерде қаңғыбастарды ешкім жуындырып, тамақ бермейді. Ғимарат бір түнеп шығуға арналған. Сондықтан қаңғыбастар таң атысымен бастары ауған жаққа кетеді екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар