Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда балабақша тәрбиешісінің дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалды (видео)

Петропавлда балабақшада балаларға дөрекілік көрсеткен тәрбиешінің оқиғасы желіге таралып кетіп, артынша қызметкер жұмысынан қуылған.

5555

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жұма күні желіде жарияланған видеода “Ашық аспан” балабақшасы тәрбиешісінің серуендеп жүрген балаларға дөрекілік көрсеткені байқалады. Ол балаларды ұрып, жұлқып, шымшып, жерге құлатқан.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғадан соң білім бөлімі арнайы комиссия құрып, жағдайды бақылауға алған.

“Ашық аспан” ЖШС-да кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізіліп, жеке мекеменің жетекшісі Н.А.Мацкевичтен түсініктеме алынды. Дөрекілікке жол берген тәрбиеші жұмысынан қуылды. Қазіргі таңда лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, – деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Қызылордадағы балабақшада да болған еді. Онда тәрбиеші 5 жасар баланы аяусыз ұрған. Кейінірек, видео таралып кетіп, тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында ер адам 8 жастағы қызды зорлап оны таспен ұрған

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады

Талқылау