Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда ардагерлер орденін ұрлаған жігіттер оларды сатып тұрған жерінен ұсталды

Петропавлда соғыс ардагерінің үйінен ұрланған 30 шақты медаль мен «Қызыл Жұлдыз» орденін сатып тұрған азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Сурет: almaty.freeads.kz 

Отыздан енді асқан қос жігіт ардагердің қан майдандағы ерлігі үшін алған марапаттарын небәрі 50 мың теңгеге бағалапты. Бұл қаржыға олар есірткі сатып алмақ болған.

Кейін анықталғанындай, медальдар мен орден осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған соғыс ардагері Григорий Яйковқа тиесілі екен. Қаскөйлер оның ұлының үйін тапа-тал түсте тонаған. Бұрын да есірткімен талай ұсталған сыбайлыстардың тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Ол жерден қымбат техника мен қомақты ақшаны қымқырған екеу скутер сатып алып, медаль мен орденді саудалауға соны мініп келіпті. Енді қос нашақор 7 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.

Талқылау