Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда аңғал қарияларды алдап, тонап жүрген жігіт ұсталды

Петропавлда су үнемдейтін қондырғы сатамын деп қарияларды тонап жүрген алаяқ ұсталды. Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірін былтыр ғана тәмамдаған тараздық жігіт Қызылжарға оңай жолмен ақша табуға  арнайы барыпты, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

1537956_20130204181746

Сурет: www.newsru.com 

Түр әлпеті келіскен, қоңыр үнді, биязы жігітті көргенде зейнеткерлердің ешқайсысы оны алаяқ деп ойламаған. Су үнемдейтін қондырғыны нақты бағасынан бірнеше есе арзанға сатамын деген ұсынысына да көбі қуана келісіпті. Сондағы 25 мың теңгенің қондырғысы дегені суды шашыратып ағызатын кәдімгі сүзгі болып шықты. Соны алмақ болған қариялар тыққан жерлерінен ақша іздеуге кеткенде, жігіт үйдегі қолға ұстайтын дүниені ұрлап тайып отырған. Қызылжарға наурыздың басында ғана келдім деген күдікті әзірге тек 5 зейнеткерді алдағанын мойындап отыр.

«Су арнасынан» деп кіремін. Фильтрларды айтып миларын шіріте бастаймын. Жеңілдіктер туралы айтамын.  Сөйтіп өз ісімді бітіремінй, – дейді күдікті.

Талқылау