Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда Александр Винокуровтың граффити-портреті пайда болды

Петропавлда әйгілі велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың граффити-портреті пайда болды.

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.

Ресейдің Санкт-Петербор қаласының шеберлері көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына осы облыстың тумасы, байрақты жарыстарда ел мерейін үстем еткен саңлақ спортшының 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль тағып тұрған сәтін түсірді.

Енді облыс орталығында қазақ әдебиетінің жарқын тұлғалары ақын Мағжан Жұмабаев пен жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың суреттері салынады.

“Әрине, биіктіктен жерде сурет салған жеңілірек. Бірақ машықтанып алдық. Кезекті туындымызды Қазақстанда жасағанымызға қуаныштымыз. Бұл сіздердің қаһармандарыңыз. Сондықтан велошабандоз Александр Винокуровтың бейнесін салу – біз үшін үлкен мәртебе”, – дейді граффити суретші Антон Онищенко.

Оқи отырыңыз:

Зайсанды қар басып қалды (видео)

Төлешовтың тоқалдары тұрған үйлер кімнің меншігіне өтті? (фото)

“Жеңгетайлықпен” айналысқан депутат Юлия Каралаш туралы не білеміз

Қазақстанда сотталғандар үшін электронды білезіктер қолданысқа енгізіледі

Талқылау