Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен алаңдағы концертке ешкім келмеген (видео)

Петропавлда Тәуелсіздік мерекесіне тойлауға еш адам келген жоқ. Ешкім жоқ алаңда ұйымдастырушылар концерт қойды.

Бұл сәттің видеосы желіде тарап кетті. Видео авторы 16 желтоқсан күні еш адамның алаңға жиналмағанын айтты. Сахнада екі жүргізуші концертті бастауға мәжбүр болды. Алайда оларды тыңдап тамашалаған ешкім жоқ.

“Тұрғындардың бәрі демалып жатыр. Адамдарға демалуға мүмкіндік беріңіздерші, қала басшылығы”, – дейді видео авторы.

Желі қолданушылары ең ұлық мерекені тойламайтын тұрғындарға қынжылды. Бірі концерттің қызықсыз екенін атап өтті.


Тәуелсіздік туралы үздік 10 өлең


“Қандай жағдай болмасын мерекені тойлауға міндеттіміз”, “Адамдарда намыс қалмаған ба?”, – деп жазды олар.

Алайда қала әкімдігі мұны теріске шығарды. Видеодағы сәт концерт кезі емес, дайындық кезі болғанын жеткізді.

Ал, видео авторы көпшіліктен кешірім сұрады.

 

Талқылау