Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 6 жасар бала 5 қабаттан секіріп кетті

Петропавлда үйде қамалып қалған бала далаға шыққысы келіп, 5 қабаттан секіріп кетті. Абырой болғанда небәрі 6 жасар жеткіншек аман қалған.

5 этаж

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Тез арада ауруханаға жеткізілген ер бала көп ұзамастан үйіне қайтарылды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, бала өз еркімен секіріп кеткен. Үйде қамалып қалған ол далаға шығып достарымен ойнағысы келгендіктен осындай қадамға барып отыр. Оқиға орнына тез арада келіп жеткен жедел жәрдем қызметі оны облыстық ауруханаға жеткізеді.

Дәрігерлердің сөзінше, бала ес-түсін білген. Оның денсаулығын жіті бақылаған дәрігерлер түрлі тексерістер жүргізіпті. Ақырында оның кеуде омыртқасының сынғаны анықталған.

Қайта жеткіншек ауыр жарақат алмаған, сол себепті тек консервативті емдеу тәсілі тағайындалған.

«Сынғанымен, оның омыртқалары өзгеріске ұшырамаған. Алдағы уақытта оның еш жері ауырмауы тиіс. Баланың жолы болған. Мұны ғажап дүниеге балауға да болады. Балалардың жоғарғы қабаттан құлап аман қалуы – сирек кездесетін жағдай», – дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьялов.

Бала терезе астында үйіліп жатқан қардың арқасында аман қалған. Осыған ұқсас жағдай Петропавлда өткен жазда орын алған еді. Бала талдың үстіне құлап аман қалған болатын.

Оқи отырыңыз:

Көлік ұшырып әкеткен қыз қайтадан орнынан тұрып кетті (видео)

Төтенше жағдай: Жамбыл облысында қар көшкіні жүріп, 7 сарбаз қаза тапты

Павлодарлық полицейлер өмірлерін қатерге тігіп балалар толы автобусты жол апатынан құтқарып қалды (видео)

Таразда бағдаршам арқылы өткен қызды көлік қағып кетті (видео)

Талқылау