Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 51 жастағы әйел орынсыз қалжыңы үшін сотталып кетті

Петропавл тұрғыны әзіл айтам деп 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол  сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын айтып, ішкі істер органдарына жалған ақпарат берген, деп хабарлайды Stan.kz.

51 жастағы әйел полицияға хабарласып, сауда орталығының біріне бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат береді. Ол «Сокол» сауда үйіне жарылғыш қойылды»  деген ақпарат айтады. Полицейлер халықты қауіпсіз жерге көшіріп әлек болды. Барлық күш құрылымдары тінту жұмысын жүргізіп, жарылғыш зат тапқан жоқ.

Көп ұзамай жалға ақпарат берген әйел ұсталды. Әйелге қатысты іс қозғалды. Оқиға сәуір айында болған.

Жыл басынан бері қалады осыған ұқсас 6 оқиға тіркелді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау