Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 10 дана айфон қоқысқа тасталды

Интернет қолданушылары Петропавл қаласында орын алған жағдайды қызу талқылап жатыр. Онда контракфактілік өнімдер 52 мың қорап темекң, 130 бөтелке арақ және 10 айфон қалалық қоқыс аймағына тасталған.

ыфыф

Суреттер facebook.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Ұялы телефондарды балалар үйіне, ал темекіні түзеу колонияларына берсе болушы еді”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі. “Одан да адамдарға таратып беруі керек еді”, – деп пікір қалдырған енді бірі. “Иә, жүйкесі әлсіздерге мұны қарауға болмайды, ал темекі тартатындар қазір ашуланып темекі шегіп тұрған шығар”, – деп әлеуметтік желі қолданушылары аталған жағдайға өкініш білдірген.

ждлорнек

Алайда, облыстық мемлекеттік мүлік департаментінің маманы аталған өнімдердің қоқысқа тасталуы дұрыс деп санайды.

“Бұл бөтелкеде не құйылғаны да белгісіз. Оның үстіне бұл арақтың бағасы небәрі 300 теңге”, – дейді облыстық департамент өкілі Инесса Кузнецова.

Арақ құйылған бөтелкелерді жергілікті көше кезбелері ұрттап қоймас үшін бульдозермен таптап тастаған.

ыыыыф

Талқылау