Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда зейнеткердің мәйіті су басып қалған үйінің дәлізінен табылды

Петропавлда үйді су басып қалып, 86 жастағы зейнеткер қайтыс болды. Таңертең үйді су баса бастаған кезде ол төтенше жағдай қызметкерлерін шақырған. Алайда мамандар жеткен кезде зейнеткердің тек өлі денесін ғана таба алған.

длгонре

Сурет ҚР ІІД ТЖ

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Бірақ, полицейлер зейнеткердің өлімінің су басумен қатысы жоқ дейді. Қайғылы оқиға Безнострой ықшам ауданында 6 сәуір күні болған. Зейнеткер жалғыз өзі тұрған екен.

“Оның беті суға қарап дәлізде жатты. Сірә, құлап кетіп қайта тұра алмай қалса керек”, – дейді көршісі Валентина Вазцева.

Көршілері әжейдің ештеңемен ауырмағанын, денсаулығына қатысты қандай да бір шағым айтқанын естімегенбіз дейді. Ал СҚО ішкі істер департаментінің қызметкерлері зейнеткердің өліміне себеп ретінде атеросклероз деген шешім шығарылғанын айтты.

Талқылау