Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Петропавл тұрғынының супермаркеттен сатып алған балығынан құрт шықты
Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері Петропавлдағы супермаркеттің бірінде құрттаған балық сатылғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеп.
Қала тұрғыны бүлінген балықты жергілікті супермаркеттердің бірінен сатып алған. Ол балықтағы құрттарды тамақтануға отырған кезде бір-ақ байқаған.
Осыдан кейін, құрттаған балықтың қалдықтары дереу түрде тексеруге жіберілді. Сараптама жүргізген санитар дәрігерлер балықтан паразиттердің үш түрін анықтады.
Тауар сатылған сауда нүктесінің өкілдері осы жағдайдан кейін шамамен 10 келіге жуық өнімнің жеткізушіге қайтарылғанын айтты.
Талқылау