Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл тұрғыны өз үйінен ертегідегі қамалды жасап шықты

Петропавл тұрғыны Әнуар Файзуллин өзінің үйін ертегідегі сарайға айналдырды. Ежелгі европалық қамалға ұқсас туындыны ол иесіз қалған ескі материалдардан жасақтапты.

рпа

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Әкесі мен баласы тұрғызған сарай аса үлкен емес, бірақ, алыстан көзге тез ілігеді.

“Сарай деп те, қамал деп те атауға болады. Әркімнің өз қиялы бар. Келгендердің біреуі осындай сарайды Таиландта, біреулер Европада көргенін, ал біреулер ертегі кітаптарынан көргенін айтып жатады. Адамдар келіп, таңқалып кетеді. Демек олардың көңілінен шықса, мұның жақсы дүние болғаны”, – дейді Әнуар Файзуллин.

Талқылау