Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы петропавлдық еш жеңілдіксіз 12 баланы қалай асырап отырғанын айтты

Петропавл тұрғыны Павел мен Татяна Култышевалардың 8 қаңтар күні он екінші баласы дүниеге келді. Тіпті, дәрігерлердің мұндай оқиғаның соңғы рет қашан болғаны естерінде жоқ. Қазақстанда осындай көп балалы отбасылар сирек кездеседі.

10788544

Сурет Култушевтардың отбасылық мұрағатынан алынды

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

«Мен ең бақытты әкемін. 12 балам бар. Үйге келсең, бәрі алдымнан шығады. Бұл ең үлкен қуанышым. Бәріне осындай бақыт тілеймін», – дейді Павел Култушев.

Бақытты әкенің өзі де көп балалы отбасыннан шыққан. Алдында бес ағасы мен екі әпкесі бар. Олардың барлығы араласып, бір біріне кол ұшын беріп тұрады. Сондықтан ол көп балалалы болудан қорықпайды.

«Біздің қазір 4 қызымыз бен 8 ұлымыз бар. Бірінші қызымызды  әйелім 20 жасында өмірге әкелді. Үлкен қызымыз қазір  14 жаста», – дейді көп баланың әкесі.

Олардың үлкен 7 баласы мектепке барады. Екі қызы мен екі ұлы бір сыныпта оқиды. Кіші балалары бала-бақшаға бармайды.

«Әйелім жұмыс істемейді. Үйде отырып бала тәрбиесіне көңіл бөледі. Сондықтан балаларды бала-бақшаға апаратындай қажеттілік жоқ. Үлкен қыздарымыз да анасына үй шаруаысына қолғабыс етіп, кіші балаларға қарайласады. Көп балалы отбасында өскен бала ертеңгі күні бауырмал болып, бір біріне көмектесуді жастайынан үйреніп өседі», – дейді Павел.

Оның айтуынша, олар тұрмысы төмен отбасыларға берілетін жеңілдіктерді алу үшін, біршама құжаттар жинауы керек екен. Бірақ, оның балаларының киімі түгел, карны аш емес. Бірақ, қандай да бір жеңілдіктер болып жатса, одан бас тартпайтынын айтады.

«Көп баланы асырау да оңай емес, бірақ Құдай өзі көмектеседі. Бастапқыда үй тар болған соң, екінші қабат қосқанбыз. Қазір оған да сыймай жатырмыз. Үй алу үшін кезекке тұрмақшы болғанбыз. Бірақ өз меншігіңдегі үйің болса, мемлекеттен үй берілмейді екен. 6 орынды микроавтобусымыз бар. Барлығымыз бірге барар жер болса, үлкен балалар кішілерін алдына алып отырады. Осы үшін талай рет айыппұл да төлегенмін. Бірақ, басқа амал жоқ», – дейді Павел Култышев.

Талқылау