Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл тұрғыны балконда тұрып патрульдік машинаға оқ атқан

Петропавл тұрғынына балконда тұрып патрульдік полиция көлігіне оқ атқаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік сот хабарлады.

бьти

Сурет yvision.kz

Оқиға 9 мамыр күні болған. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Айыпты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 1 бабы негізінде жазаланды.

“2016 жылдың 9 мамырында түнгі сағат 1.50-де П.есімді азамат өз пәтерінің балконынан пневматикалық тапаншадан көшеге қарай оқ атқан”, – деп хабарлады сот.

Сот отырысында ер адам бұл әрекетті жай қызығушылықпен жасағанын, негізі көлікке емес ағашқа қарай бағыттағанын айтқан. Құжаты жоқ тапаншаны ол 8 мамыр күні өз танысынан алған.

“Азамат П. айыпты деп танылып, оған 21 мың 210 теңге айыппұл салынды, сондай-ақ пневматикалық тапаншасы да тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Талқылау