Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл тұрғыны 34 жасында он екінші баласын дүниеге әкелді

Петропавл қаласының тұрғыны Татьяна Култышева 34 жасында 12-рет ана атанды.Қаңтардың 8-інен 9-ына қараған түні келіншек Данил есімді сәбиін дүниеге әкелді. Нәрестенің салмағы – 3 келі 900 грамм, ал бойы – 53 сантиметр.

20160112022537

Бұл туралы 24.kz  сайты хабарлайды.

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Оларды перзентханадан шығару үшін отағасы барлық баласын өзімен бірге ала келіпті. «Алтын алқа» иегері тұңғышын 20 жасында босанған. Көпбалалы ана әрқайсына ай сайын жәрдемақы алады. «Бұл – жас аналарға деген мемлекеттің қолдауы», – дейді Татьяна. Осы жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне республикалық бюджеттен 37,3 млрд теңге бөлініп отыр.

«Жанұямызға 12-бала қосылды. Өте қуаныштымыз. Әрқайсысын бірдей жақсы көреміз. Бұл соңғысы емес. Сәтін салса, тағы бірнешеуін сүйерміз. Әйел үшін бұдан артық бақыт жоқ», – дейді көпбалалы ана Татьяна Култышева.

«Бұған дейін тоғызыншы, оныншы рет босанған әйелдер болды. Бірақ осы жаста 12 бала туу – өте сирек жағдай. Өз тәжірибемде кездестірмеппін. Мүмкін тағы келер. Біз оны күтеміз», – деді акушер-гинеколог дәрігер Юлия Елькина.

Талқылау