Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл тұрғындары 20 күннен бері адам айтса сенгісіз қиын жағдайда өмір сүруде

Тасқын судың ортасында қалған Петропавл тұрғындары 20 күннен бері адам айтса сенгісіз қиын жағдайда өмір сүруде. Ол үшін көзбен көру керек. Амалсыз мектепті паналаған халық, басқасын айтпағанда, әжетхананың қасында тамақтанып, түнеп жатыр.

0000000

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тасқыннан үйлері судың ортасында қалған соң, қауіпсіз жер деп мектепке көшірілген тұрғындардың осында жатқандарына міне бүгін тура 25 күн болған. Мектептің спорт залы үйлеріне айналған халық мұнда санитарлық талаптардың сақталмайтынын айтады. Жататын орындары, тамақтанатын жерлері, тіпті дәрет сындыратын орын бір жерде дейді. “Әжейлер осы жерде тамақтанады. Үш метр ары қарай дәретхана тұр. Одан әрі үш метрде жатып ұйықтайды. Толық антисанитария”, – дейді тұрғын Любовь Ложкина.

Мектепте жатқандардың дені зейнеткерлер екен. Қарттарға спорт залына кіші дәрет сындыруға кәдімгі шелек қойыпты. Бұл мектеп ішінде ары – бері жүріп, оқушыларға кедергі жасамау үшін жасадық деген көрінеді басшылық. Ал мектеп асханасына оқушылардың өзі әрең сиятындықтан тамақты тура төсектің үстінде отырып ішеміз дейді, зейнеткерлер. “Үйге барғым келеді. Өз үйімнен артығы жоқ. Бүгінгідей жағдайға тап боламын деп ойламадым. Қатты шаршатты”, – дейді тұрғын Валентина Проскурякова.

Мектеп басшылығы болса онсыз да аяқталып келе жатқан оқу жылымен бірге адамдарды қабылдау қиынға соғып жатыр дейді. Директор оқушыларға лық толы мектепте тамақтанатын бөлме тауып бере алмайтындарын жасырмайды. Ал спорт залдағы әжетхананың барын барынша жасырып қалуға тырысты. “Қолымыздан келгенше жағдай жасадық. Біз өте қиын жағдайда қалып отырмыз. Шешілмеген мәселе көп”, – дейді №13 орта мектебінің директоры Бауыржан Жүнісов.

Заречный ауылы тұрғындарының қашан үйлеріне орала алатыны әлі белгісіз. Өйткені онда 25 үй судың ортасында тұр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы Rixos қонақүйінің шатырынан құлаған адамның кім екені анықталды

Ақтауда жеңіл көлік әйел адамды қағып 20 метрге дейін сүйреп кетті

Анасының мүгедектігіне қарамай бас тартпаған баласы бүгінде Гарвард университетінде оқиды (фото)

Фитнес клубқа келген әйелдің жалаңаш суретін жариялаған Playboy моделі түрмеге қамалады

Талқылау