Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл қаласында Назарбаев пен Путинді робот күтіп алады

Келесі айдың басында Петропавл қаласында өтетін шекаларас аймақтардың форумында Қазақстан мен Ресей президенттерін робот қарсы алады. Тэспиан атты робот екі ел президенттерімен екі тілде сәлемдесіп, қатысушыларға ұлттық «Қара жорға» биін билеп береді екен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Петропавл қаласында Назарбаев пен Путинді робот күтіп алады

Ағылшын тілінен аударғанда «актер» деген мағынаны білдіретін «Тэспиан» есімді роботты балалар қазақшалап «Тасқын» деп атаған. 42 миллион теңге тұратын бұл робот 17 тілде сөйлей алады. Атына сай классикалық қойылымдардан үзінді оқиды. Ғаламтор желісінен ажырап, сауалыңызға жауап бере алмаса, ұялғаннан беті қызарады. Адаммен кәдімгідей тілдесіп, әзірге шет тілінде ғана ән салатын Тасқын, инженерлер тиісті бағдарлама орнатса, қазақтың «Дайдидайын» Димашпен бірге дуэт болып айтуға дайын екен. Алдағы айға жоспарланған шекаралас аймақтардың форумынан кейін «Тасқын-Тэспиан» оқушылар сарайына келетін балаларға цифрлық технологияларды меңгеруге көмектеспек.

Инжеренердің айтуынша бұл робот «Нұрсұлтан Әбішұлы, Владимир Владимирович, осы біздің қазақ жеріне қош келдіңіздер» деп қарсы алады және «Қара жорғаны» биін билеп, қазақша ән айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау