Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл қаласы басшылығы көп балалы Култышевтар отбасын 12-ші сәбиімен құттықтады

Петропавл қаласы басшылығы жуырда ғана 12-ші сәбиі дүниеге келген Култышевтер отбасына ат басын бұрып, жаңа туылған нәрестеге және оның аға-апалары мен ата-анасына сыйлық жасады.

10854225

Әкімшілік өкілдерін қала әкімінің орынбасары Елена Балло бастап барған.

«Бақытты жанұяға тәттілері бар қорапшалар, ойыншықтар, жас сәбиге арналған жөргек табысталды. Олардың бауырлары мен ата-аналары да сыйлықсыз қалған жоқ. Өзге балаларға қысқы сырт киімдер сыйға тартылған», – делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Еске сала кетсек, 8 қаңтарда Павел және Татьяна Култышевтердің отбасында 12-ші сәби Данил дүниеге келген болатын. Бұл әрине, елімізде өте сирек ұшырасатын жағдай.

«Қазір жас ата-анада (анасы – 34 жаста, әкесі – 38) төрт қыз (Инна, Елена, Ирина, Татьяна) және сегіз ұл бар (Владимир, Дмитрий, Павел, Андрей, Леонид, Сергей, Данил). Үлкен қызы Инна – 14 жаста. Жеті бала №42 мектепте оқиды», – делінген хабарламада.

14 жастағы Инна мектепте өте үздік оқиды. Тарих пәнінен қалалық олимпиадада екінші орын алған. Фортепианода ойнайды. Оның сіңілісі Елена флейтада ойнағанды жақсы көреді. Отбасында барлығы музыкамен әуестенеді, ал ұлдар спортқа жақын.

Талқылау