Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде бұзақылар субұрқаққа ұнтақ құйып, суды көбікке айналдырған (фото, видео)

Қыркүйектің 6-сынан 7-сіне қараған түні Петербургтегі алаңқайлардың біріндегі субұрқақ іші көбікке толып шыға келді. Оған аямай сусабын немесе ыдыс жуатын көпіршік құйған секілді.

034395ed7f403e

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Қалалық су каналы болса субұрқақты жуып, тазалау үшін ажыратқанын айтқан. Кері бағытта атқылаған су арқылы іші тазаланбақ. Толыққанды тазалық жұмыстары жүргізілген соң ғана іші қайта суға толтырылмақ.

abf48100a2ebfa

Су каналы тұрғындардан фонтан ішіне басқа сұйықтықтар тастамауды өтінуде.

cf3c942423adc5

Өйткені, кез-келген көпіршік зат сорғышқа тиіп қымбат тұратын техникалық жарақтарды зақымдап, субұрқақ жұмысына елеулі зиян келтіруі мүмкін.

88a7205442c5d3

Бірнеше сағаттың ішінде “көпіршік субұрқақтың” біраз суреті пайда болып үлгерді.

Всем доброго и чистого утра! #Питер #фонтан #утро

Видео опубликовано Alex (@matveevalex13)

 

Талқылау