Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петерборда тұрғын үйлердің бірінен тағы жарылғыш зат табылды

Күш құрылымдарына маңайды қоршауға алып, адамдарды шұғыл көшіруге тура келген, деп хабарлайды КТК арнасы.

бомба 0604

Бұл пәтерде негізінен Орта Азия елдерінің тумалары тұрған екен. Куәгерлердің сөзінше, солардың үшеуінің қолына кісен салыныпты.  Ресейлік басылымдар арнайы операция барысында Акбаржон Жалиловтың сыбайластары қолға түскенін хабарлауда. Петербор метросындағы жарылысты жасаған осы Қырғызстан тумасы болатын. Пәтерде табылған жарылғыш та сол метродағы бомбаға ұқсас екен. Естеріңізге салсақ, сәуірдің төрті күні Петербордың жерасты жолындағы лаңкестік әрекет 14 адамның өмірін жалмаған еді. Оның біреуі отандасымыз Максим Арышев. Петерборда оқыған үшінші курс студентінің мәйіті Алматыға ертең жеткізіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейде тура балабақшаның жанынан жерлеу бюросы ашылды

Путин мен Мирзиеевтің кездесуінде Кремль дикторы әбден шатасып күлкі болды (видео)

Қайғыдан қан жұтқан әке Сириядағы химиялық шабуыл кезінде мерт болған егіздерін көрсетті (фото)

Ресейде 77 жастағы ер адам оқушы қыздарды өзімен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Талқылау