Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перуде жолаушылар ұшағы жерге қонып жатқан сәтте өртке оранды (видео)

Peruvian Airlines әуе компаниясының ұшағы 28 наурыз күні Хауха қаласындағы әуежайға қонып жатқан сәтте өртке оранды.

photo_211324

Бұл туралы RPP хабарлайды.

Жергілікті RPP радистанциясының мәліметінше, өрт техникалық ақаудың салдарынан туындаған. Қонуға жақындаған мезетте ұшақтың оң жақ шассиі кенеттен сыр береді. Пилот бірден апатты түрде қонуға мәжбүр болған. Оқиға нәтижесінде 26 адам зардап шеккен.

Барлық зардап шегушілер ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында кішкентай сәби де бар. Жалпы саны салонда 141 жолаушы болған.

“Қону кезінде қатты жел соғып, пилот маневр жасап жолақтан ауытқып кетті. Осының әсерінен шасси сынып, отын багіне зақым келеді, артынша бірден жарылыс орын алған”, – деп хабарлады куәгерлердің бірі.

Ал өз кезегінде ұшқыш Денисс Хан шасси дөңгелегінің қонып жатқан сәтте ұшып кеткенін айтты. Оқиға орынында өрт қауіпсіздік қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, ал әуежай әзірге уақытша жабылған.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында бутигін адыраспанмен аластаған жігіт тірідей жанып кете жаздады (видео)

Санкт-Петербургте 32 жастағы Қазақстан азаматының өлі денесі табылды

Атырауда ер адам терезеден секіріп жарылыстан аман қалды (видео)

Астанада жантүршігерлік жол апатына ұшыраған екі қызға шұғыл түрде қан керек

Талқылау