Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пентагон жауынгерлерінің ұрығы мен жыныстық жасушаларын мұздатып қоймақшы

Пентагон әскерилері үшін жаңа сынақ бағдарлама шығарды. Ол бағдарлама бойынша ауыр жарақат алған жауынгерлердің де ұрпақ жалғастыра алу қабілетін реттейтін функция іске қосылмақ.

2014-12-12_13-09-11

Сурет inforesist.org сайтынан алынды

Бағдарламаның авторы қорғаныс министрі Эштон Картер. Олардың ережесі бойынша әскери қызметке келген ер адам немесе әйел адам өздерінің ұрығын және аналық жасушасын сақтауға бере алады. Әскери мекеме барлық шығынды өздері көтереді.

АҚШ қорғаныс министрлігі осындай әдіс арқылы әскерилердің жауынгерлік күшін шыңдаймыз деген үмітте. Әскерлер ауыр жарақат алса да, өздерінің ұрпақ жалғастыру мәселесіне қатысты қатты алаңдамаса болады. Сондай-ақ, әскерилер 20-40 жас аралығындағы әйелдердің әскерде жүруін тоқтатуға ниетті. Өйткені, осы жас аралығындағы нәзік жандылар бала көтерулері керек деп санауының әсерінен, әскери келісім-шартты қайта қарауға құлықсыздық танытатын көрінеді. Ал оларға қатырылған аналық ұрықтары отбасы үшін мансабын құрбандыққа шалуға мүмкіндік бермейді.

2003 жылы Иракқа аттанған жауынгерлердің көбісі ұрықтарын тапсырған болатын. Олар Саддам Хусейннің құпия қаруы іске қосылуы мүмкін деп соғыс ошағындағы операциялардан қауіптенген.

Талқылау