Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пекин билігі халық санын азайту жөнінде шешім қабылдады

Пекин билігі қалада тұрып жатқан халықтың санын азайту жөнінде шешім қабылдады.

beijing-metro-5

Бұл туралы Xinhua агенттігіне сілтеме жасай отырып 24.kz  хабарлайды.

2020 жылға қарай қала халқын 23 миллионнан асырмау жоспарлануда. Пекин билігі бұл іс-шараны қалаға ресурстар, ал ең алдымен су жетпегендіктен қолға алған. Осы шешімді Пекиннің муниципалды билігі Халық өкілдерінің жиыны және Қаланың саяси-кеңестік кеңесінің сессиясы барысында талқылап үлгерді.

«Алдағы 5 жылда Пекин тұрғындарын орталықтан шетке қарай көшіре бастаймыз. Орталықтағы тұрақты тұрғындар саны 2014 жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендеуі тиіс», – деп мәлімдеді қала мэрі Ван Аньшунь.

Талқылау