Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пекин билігі ауаның ластануына қарсы желдеткіш құрылғыларын орнатпақ

Қаланың құрылыс комитетінің төраға орынбасары Ван Фейдің айтуынша, желдеткіш ұзындығы 500 метрді құрайды. Сондай-ақ, 80 метр қашықтықта құрылымдар орнатпақ. Құрылымдар желісі қала бақтары мен жасыл аймақтарда, магистральдарда байланыс орнатады.

1346141050

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Пекин қаласын ауаның ластануынан қорғайтын  500 метрлік желдеткіш құрылғылар салынып жатыр.

Сонымен қатар, алдағы уақытта қосымша желдеткіш желісі құрылады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары қатаң бақылау назарында.

Қалалық қоршаған ортаны қорғау басқарманың мәліметінше, 2013-2015 жылдарды салыстырғанда ауа тазалығы 9,9 пайызға төмендеген. Ауаның ластанған күні 2014 жылмен салыстырғанда 14 күнге артқан.

Бұған дейін  соңғы бес жыл ішінде ауаның ластануына байланысты Қытайдың 1006 кәсіпорны жұмысын тоқтатқан болатын. Пекин мэрінің мәлімдеуінше, 228 базар жабылған еді.

Қаңтар айының басында Пекин билігі 2016 жылы ауаның ластануымен күрес бағдарламасы аясында 2,5 мың кәсіпорынның жабылатынын мәлімдеген. Бұл бағдарлама елде 2017 жылы аяқталмақ.

Сондай-ақ, қала билігі 2016-2020 жылдары көмір қазандықтарын жаппақшы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қауіпсіздік деңгейі куб метр ішінде 25 микрограммды құрайды.  2,5 микронның белгілі бөлігі тұманды тудырып, адам денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.

Талқылау