Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Педофилдің құрығына түсе жаздаған 8 жасар қыздың денсаулығы оңалды

Түргенде педофилдің құрығына түсе жаздаған 8 жасар қыздың денсаулығы дұрысталып келеді.

girl1504-1

Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлады.

Дәрігерлер оны үйіне шығармақ. Қаршадай қыздың ауруханаға жеткізілгенде жағдайы тым ауыр болған. Басы жарақаттанып, миы шайқалыпты. Бұған қоса, қос жанарына да зақым келген.

Ақ халаттылар консилиум құрып, өскінді жіті тексерістен өткізіпті.

“Бізде нейрохирург қарады, невропатолог қарады, педиатр. Міндетті түрде психолог күніге сол қызбен жұмыс істеп, психологиялық көмек берген. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Ауруханадан шығарайын деп жатырмыз. Үйіне шыққаннан кейін өзі бақылауда болу керек. Невропатолог және психолог дәрігеріне қаралу керек», – деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ролан Нұрбаев.

Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы 11-сынып оқушысы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын. Оқушыға осы ерлігі үшін оқу гранты берілген еді.

Оқи отырыңыз:

8 жасар қызды педофилден құтқарған оқушы тегін оқудан бас тартты

Талдықорғандағы Назарбев мектебінде 18 оқушы астан уланып қалды

Жамбылда шетел жүргізушілерін тонаған полицейлер сотталды

Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр

Талқылау