Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог адамдардың қандай жағдайда педофил болып кететінін айтты

Қазақстандық психолог әрі сексолог Венера Телжан азғындардың өз құрбандарын қалай таңдайтынын айтып берді. Мұнымен қатар, олардың педофил болуларының себептерін де айтып өтті.

child_1051288_960_720

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Педофилия көптеген жағдайда туабітісімен немесе жүре келе пайда болатын психологиялық ауытқу. Ол – диверсия, парафилия. Бірінші себеп – анасының жүктілік кезінде алкоголь, есірткі, темекіге қызығуы. Осылайша анасының миына зиян келіп, баласының кейбір нейрондары бұзылады. Екінші себеп – азғындардың өздерінің бала күнінде сексуалдық қысым көруі. Үшінші себеп – азғынның бала күнінде психотравма алуы. Төртінші себеп – жүре келе пайда болған сенімсіздік салдарынан. Үлкейген кезінде әйел алдында өзін көрсете алмауы. Өйткені әйел адамдар ер адамдардың дене бітімін қатты сынайды. Сол себепті психологиялық қорқыныш пайда болады.

2015-2016 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, азғындардан 30℅ жағдайда туысқандары, 60℅ жағдайда азғындардың өздері жақсы танитын балалар және 10℅-ы мүлдем танымайтын жандар зардап шегеді. Мұнымен қатар, азғындар өздерінің құрбандарын белгілі бір критерийлер бойынша таңдайды. Олар толық емес отбасында дүниеге келген, бейтаныс адамдарға тез алданатын, өзіне көңілі толмайтын, өзіне отбасының тарапынан көңілі бөлінбейтін, ата-ана махаббаты жетіспейтін, отбасында гармония мен сыйластық жоқ, отбасында қызығушылығына көңіл бөлінбейтін, ұялшақ, мүгедек, жетім балаларды таңдайды.


Жіберіп алмаңыз:

Тараз тұрғыны байқамай күйеуі бар келіншекті алып қашқан

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

Талқылау