Пайғамбарымыз(с.ғ.с) өлтіруге тыйым салған төрт жәндік

Бейсенбі, 27 Сәуір , 2017 16:35

Шыбын-шіркей түрлі микробтарды таратушы. Сондықтан да, адам денсаулығына тигізер қауіптің алдын алу мақсатында оларды өлтіруге рұқсат етіледі.

14d51c5e17b7832f133c17327e74127d

Әбу Дәуід және Имам Бухариде келген бір хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

«Кімде кімнің сусынына шыбын түсіп кететін болса, онда оны батырып, кейін алып тастасын. Шындығында оның бір қанатында кесел, екінші қанатында оның емі бар».

«Ғаунуль Маъбуд» атты еңбекте аталмыш хадиске түсінік беру барысында:

«Бұл хадис шыбындардан келетін залалдың алдын алу мақсатында оларды өлтіруге болатындығына ашық дәлел», – дегенді айтып өтеді. Демек, үйдегі шыбыншіркейлерді өлтіруге шариғат рұқсат береді.

Ал себептен-себепсіз құмырсқаның илеуін бұзып, құмырсқаны не араны өлтіруге Алла Елшісі(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  тыйым салған. Сахаба Абдулла ибн Аббастың айтуы бойынша, Ол(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) төрт жәндікті өлтіруге тыйым салған.

Олар: құмырсқа, ара, көкек, тағанақ

Десе де, құмырсқа мен ара адамдарға жайсыздық туғызып жатса және келтірген қолайсыздығын тек өлтіру арқылы ғана жоюға болатын болса, онда оларды өлтіруге болады. Мәселен, ара үйдің кіре берісіне ұя салып тастап, адамдардың үйге кіріпшығуы қиындап кетсе, яки үйдің іші құмырсқаға толып кетсе т.б.

Тағы да оқыңыз:

Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың 100 хадисі

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір тыйымы ғылыми түрде дәлелденді

Неміс дәрігері Пайғамбар хадисі бойынша шашын алдырған сәбиді тексеріп қатты таң қалған

Тіл-көзі ауыр адамдар бар: Көз тиюден қалай сақтанған дұрыс

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар