Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтып қарызынан құтылған мұсылманның оқиғасы

Ілгеріде бір адам мұсылман бауырынан бес жүз динар ақша қарыз алады. Келісілген уақытта қайтара алмаған соң, қарыз беруші  адам қазыға барып шағымданады. Қазы қарызқор адамды зынданға салуға бұйырады.

دعاء-الضالة

Сол кезде қарыз алған адам қазыға:

“Құрметті қазы мырза! Мені зынданға салғанын жанұям білмей қалады ғой. Тым болмаса жағдайымды айтып, қоштасып келсем бола ма? – дейді, деп жазады mazhab.kz.

Қазы:

“Қашып кетсең не істейміз?! Саған кім кепіл болады?”, – дейді.

Қарыз алған адам:

“Кепілге Расулалланы (с.ғ.с) қоямын”, – дейді.

Қазы діндар адам болатын. Бұл адамның шынайы ниетпен айтқан сөзіне сеніп, қоя береді. Әлгі адам отбасына келіп, болған жағдайды айтады. Кепілдікке Расулалланы (с.ғ.с) қойғанын естігенде, барлығы  жылайды. Бұл жағдайдан шығу үшін бала-шағасымен бірге салауат айта бастайды. Түні бойы салауат оқып отырып, баршасы қалжырап, ұйықтап кетеді. Отағасы түсінде Расулалланы(с.ғ.с) көреді. Расулалла (с.ғ.с) бұл адамға:

“Ертең таңертең қала әкіміне бар. Менен сәлем айт, сенің қиыншылығыңды шешіп берсін. Қияметте мен оған шапағатшы болып, қиындығын шешемін де. Дәлелің не десе, әр күні бұл адам маған мың мәрте салауат айтатын, бірақ өткен түні жартысын ғана айтты. Ана беретін ақшасы соның өтеуі болсын деп айт”, – дейді.

Бұл адам таң атқан соң,  қала әкіміне барып Расулалланың (с.ғ.с) сәлемін жеткізеді.

Қала әкімі:

“Сен маған сүйінші хабар жеткіздің. Өйткені, кімде-кім түсінде Алла елшісін (с.ғ.с) көрсе, оны көргені. Расулалланың (с.ғ.с)  бейнесіне шайтан кіре алмайды. Бірақ, қандай дәлелің бар?, – дейді.

Бұл болса:

“Сіз әр күні мың мәрте Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтады екенсіз. Бірақ өткен түні жартысын ғана айтыпсыз. Соның өтеуі ретінде менің қарызымды төлесін деп айтты”, – дейді.

Қала әкімі:

“Алла ұлық! Бұл нәрсені жанымда жатқан жұбайым да білмейді. Сенің түсің ақиқат. Маған сүйінші хабар жеткізгеніңізге Алла разы болсын! “,-деп бес жүз динар қарызын төлеуге, үстінен мың динар сүйінші хабары үшін береді.

Ақшаны ала салымен қазыға асығып келсе,қазы да соттың алдында бұны күтіп тұр.

Қазы:

“Бауырым сені күтіп тұрмын. Сенің шарапатыңмен Расулалланы (с.ғ.с) түсімде көрдім. Маған қарызға батқан адамның ақысын төлесең, Қияметте шапағат етемін деді. Маған одан үлкен бақыт жоқ!  Міне бауырым бес жүз динар қарызыңа, ал мына мың динар осы түс үшін, өйткені өмірі мұндай қуанышты түс көрмедім,-дейді.

Осылай, қазымен сөйлесіп тұрғанда, қарыз берген адам да келеді.

Ол да:

“Бауырым сені іздеп келдім. Мен бүгін түсімде Расулалланы (с.ғ.с) көрдім, маған:

“Ана кісінің қарызын кеш. Қияметте саған шапағатым уәжіп болады “, -деді. Қарызымды кештім. Ал, мынау сенің берекетіңмен осы түсті көргенім үшін мың динар сыйлығым”, – деп ақшасын береді.

Осылайша кеше ғана қарызын берерге ақша таба алмай тұрған жан салауаттың шарапатымен үйіне төрт мың динар әкеліп, Аллаға көп шүкір етіпті. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа  (с.ғ.с) хадисінде:

“Қиямет күні адамдардың Маған ең жақыны – мына дүниеде Маған көп салауат айтқаны”(Ат-Тирмизи),- деп айтқандай, Жаратқан Иеміз бізге көп салауат айтуды және Пайғамбарымызды(с.ғ.с) – түсімізде көруді нәсіп етсін!

Салауат үлгілері

Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту. Бұл жөнінде Имам Науаи: Пайғамбарға дұға салауат пен сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер»,-аятынан алынған,-деген, деп жазады muslim.kz.

Риуаятта сахабалар пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): уа, Алла елшісі! Сізге қалай салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар (с.ғ.с.): «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,-деп айтыңдар,-деген екен.

Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткендей рақымет ет. Және Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына берекет еткеніңдей береке бер. Расында, Сен Хамид (мақтаулысың) Мажид (даңқтысың).

Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын «Аллоһуммә солли» және «Аллоһуммә бәрик» салауаттары.

Аллоһуммә солли

«Аллоһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Аллоһуммә бәрик

«Аллоһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.

Тағы да оқыңыз:

Құранда түннің біз білмейтін сырлары айтылған

Оқыған жанға тілегені берілетін Құрандағы екі сүре

Таудай қарызыңыз болса да құтылуға көмектесетін дұғалар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар