Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пайдалы кеңестер: Жанар-жағар май стансасында алданбау үшін не істеу керек

Астанадағы “Гелиос” ЖШС-ға тиесілі жанар-жағармай құю стансасында бензиннің орнына “ауа” құйып жатқаны бейнеленген ролик желіде пайда болғаннан кейін, қоғамда түсініспеушілік пен наразылық туындаған еді.

f22598dfa6665b2ec9a358df336

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Жанар-жағармай құю станса қызметкерлерінің алаяқтыққа барғаны айдан анық. Бұған компанияның қатысы бар деп ойламаймын. Айланы жанар-жағармай құюшысы мен кассир жүзеге асырған (…) Мұндай қулар әрбір жанар-жағармай құю стансасында бар шығар”, – деді Автомобильшілер қоғамдық одағының төрағасы Жан Ботанов.

Ол арбаудың мұндай әдісін қызметкерлер бұрыннан пайдаланатынын және ол бүгінгі күні де өзекті екенін атап өтті. Әдетте жанар-жағармай құю стансасының қызметкерлері жанар-жағар майды алдын ала құйып алып, кеміп қалған сұйықтықты осылайша айламен толтырады. Оның сөзіне қарағанда, жанар-жағармай құю стансаларының иелері мұндай алаяқтықпен айналыспайды. Олар тек сапасыз жанар-жағар май сатып алу сияқты айлаға баруы мүмкін.

Ал айта кетерлігі, бұған дейін “Гелиос” ЖМҚС талапқа сай емес бензин сатып келгендер қатарына іліккен болатын.

“Ауа” құйылып жатқан видео бойынша компания имиджді түсіру үшін қасақана арандатушылық әрекет жасалды деп мәлім етті.

Автомобильшілер қоғамдық одағының төрағасы мұндай қулардың арбауына түспес үшін не істеу керек екенін айтты.

“Санды соғып қалмас үшін өлшеуіші бар канистраға жанар-жағар майды құюға болады. Канистрада 10 литр болып, сізден 11 литрдің ақшасын алса, онша чекті сақтап, барлығын видеоға түсіріп, полиция шақыртыңыз. Алаяқтық фактісі бойынша арыз жазу керек”, – деді Жан Ботанов.

“Танымайтын жанар-жағар май құю стансасының қызметімен пайдаланбаған жөн. Әдетте жанар-жағар май құйып жүрген стансаға жететіндей мөлшерде бензин құйып өлшейтін жабдығына сенім бар стансаға дейін жеткен дұрыс”, – деп қосты ол.

Оқи отырыңыз:

70 жастағы қария шпагатқа еркін отырады

Мына суреттен қанша жануар көріп тұрсыз?

Достары жас жұбайлардың неке түні қалай болғанын аңдып, таспаға жазып алған (видео +18)

Балаларға арналған басқатырғыш желі қолданушыларын тығырыққа тіреді

Талқылау