Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлықтарға тегін нан таратылуда

Елімізде нан бағасына байланысты мәселе ұзаққа созылып кеткендіктен  кәсіпкерлер жағдайы төмен отбасыларға көмектесуді қолға алған. Мысалы, Павлодарлық азамат  нанды өз қаржысына сатып алып таратудға кіріскен.

 

хлеб

 

Андрей Липатов есімді кәсіпкердің халыққа осындай көмек қолын созып жүргеніне бір айдан асып қалыпты. Кәсіпкер  өзінің сауда нүктесінің алдына тарататын нанды қол сөмкелерге салып іліп қойған. Зейнеткерлер мен жағдай төмен отбасылар ол нанға үйреніп те қалыпты.

 

 

 

IMG_3324.JPGхлеб 3

Кәсіпкер Андрей Липатов

 

Кәсіпкер мұндай жағдайды  ғаламтор арқылы түркиялық азаматтан көріпті. Сауда нүктесінің алдына «Ақшаң жетпесе тегін ал» деп жазып қойған. Андрей мұндай қайырымдылық шарасын алдағы уақытта да жалғастыруға ниет етіп отыр.

«Кей жағдайы жақсы адамдар немесе жақын маңдағы сауда нүктелерінің сатушылары ұялмастан нанды алып кетіп жатқан жағдайлар да болып тұрады. Бірақ біз оларды ұстап әлек болмаймыз. Әркімнің өз арына қалдырдық. Ең бастысы, мүмкіндік болған сайын қол ұшымды созып жатқан менің арым таза. Кей кездері табыс болмаса да, нанды сатып алып, қойып қоямын. Себебі, адамдар жұма сайын тегін нанды күтеді”, – дейді Андрей.

Талқылау