Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлықтардың банк кеңсесіндегі әңгімелерін тыңдаған сұғанақ, олардың ақшасын оңай иемденген

Павлодарда ғаламтор арқылы өзгенің есебіндегі қаржыны жымқырып жүрген алаяқ қолға түсті. 27 жастағы жігіт банкке кіріп, өзінің құжаттағы ата-жөні мен номерлерін айтып жатқан адамдардың сөзін тыңдаған. Ірі көлемдегі ақша жайлы айтқандардың құжатағы номерлерін өзіне түртіп жүрген.

интернет-вор

Бұл туралы 31 арна жазды.

Полицияның мәліметі бойынша сұғанақ өзінің танысы арқылы  банк клиенттерінің  абоненттік номерін өзіне жаздырып алған. Кейін арнайы телефон номер алып, соған азаматтардың есебіне түскен қаржы жайлы ақпаратты оңай алып отырған. Осы арқылы алаяқ  түскен қаржыны букмекерлік  кеңседегі өз есебіне аударып отырған. Мұндай жайтты банк клиенттері «ақшамыз жоғалды» демегенше ешкім білмеген. Күдікті өзінің жұмыс орнында ұсталған. Ол жасаған әрекетін толықтай мойындаған.

«Ол депjзиттегі есептен 800 мың шешкен. Банк клиенті өз есебінен ақша алмағанын айтып полицияға шағым түсірген. Полиция мен банк қызметкерлері біріге отырып жасаған тексеру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қолға түсті»,- дейді  Павлодар облыстық ІІБ баспасөз хатшысы  Баян Магзумова.

Талқылау