Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлықтар тек қымбат неміс көліктерін өртейтін азаматтан зардап шегуде

Павлодарда тек қана қымбат неміс көліктерін өртейтін азамат іздестірілуде. Қылмыскер осы уақытқа дейін 17 көлікті өртеп жіберген. Зардап шеккендер мен шошып қалған халық мұның бәрін бір адамның істеп жүргеніне сенімді.

көлік өртеу

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Павлодарлықтар белгісіз қылмыскерден қорқып қалған. Әсіресе неміс көлігінің иелері. Себебі олар бұған дейінгі көлік өртеу әрекеттерінің барлығын бір адам, таңғы төрттер шамасында жасап жүр деген қорытындыға келген.

«Мен оның қандай адам екенін, не мақсаты барын түсінбедім. Егер ол есінен адасқан біреу болса сол жарылғыш немесе өртегіш затын терезелерден лақтыратын шығар. Жергілікті тәртіп сақшылары ертерек қамданып,қылмыскерді ұстауы керек» ,-дейді жәбірленуші Яна Дудина.

Илья Құрманбаев бірнеше жылдан бері «Мерседес» көлігін армандап жүріп, жақында ғана несиеге сатып алған. Өкінішке қарай қаладағы көлік өртегіш оның машинасын таңдаған. Қазір Ильяның арманындағы темір тұлпардың қаңқасы мен банктегі несиесі ғана қалған.

«12 қаңтар күні таңғы төртте көршім жүгіріп келіп, көлігімнің өртеніп жатқанын хабарлады. Жүгіріп келсем машина жанып біткен. Өрт сөндірушілер келіп қалған жалынды тоқтатып, жанындағы көліктерге тиіп кетудің алдын алды»,-дейді Илья Құрманбаев
Полиция қызметі көлік өртеп жүрген қылмыскерді бар күштерін сала іздеп жатқандарын айтады. Олар қазір аулалардағы бейнежазбаларды қарауда екен. Тұрғындар көп қабатты үйде тұратындықтан көліктерін аулаға қалдыруға мәжбүр.

Талқылау