Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық жігіттер қазақ тілін үйрететін смартфонға арналған ойын құрастырып шықты

Павлодарда IT-компанияда қызмет ететін Алексей Кубрак пен Виталий Березнев қазақ тілін үйрететін ойын құрастырып шықты. Оларға идея мемлекеттік тілді меңгермекші болып талпынған кезде келіпті.

aecb3056-6687-44b6-b317-3ebd781fd11f

Сурет pavon.kz

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

“Мен өзім қазақ тілін үйреніп, бұл үшін жаңа мүмкіндіктер іздеп жүрмін. “Дұрыс сөз” қосымшасының да идеясы осының арқасында келді. Біз досым Виталий екеуміз IT-компанияда жұмыс істейміз. Тиісінше біз адамдарға ұнайтын ерекше тәсілге негізделген қосымша ұсынып отырмыз деп ойлаймыз. Қосымшада сынақ үшін қойылған сөздік енгізілген. Бірақ, біз оның аясын кеңейтуге ниеттіміз. 500-1500 сөзден тұратын тағы екі сөздік дайын тұр”, – дейді Алексей Кубрак.

Жаңа қосымша екіге бөлінген. 500 сөзден тұратын нұқасын жүктеп алу – 300 теңге тұрса, 1500 сөздігі – 490 теңге. Олар бұл арқылы ерекше танымалдылық күтпейді, ең бастысы мәдениетің дамуына аз да болса түрткі болу дейді.

“iOS нұсқалары үшін сәл өзгешелеу, яғни ақылы. Қосымшаны онда орналастыру үшін 100 доллардай ақша керек. Қосымша дайын күйде тұрғанына қарамастан, біз оны орналастыруға асығыстық танытып жатқан жоқпыз. Біз қосымшаны таныстарымызға көрсетіп, тексеріп көргенбіз. Нәтижесінде көп адам бестік баға алмады. Қазір қазақ тілді орта да ойынға қызығушылық таныту үшін жаңа сөздік дайындаудамыз”, – дейді Алексей.

Талқылау