Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғыны туристік фирмадан «гипноз арқылы» төлеген ақшасын қайтарып алды

Павлодар қалалық соты Әлия Бержановаға «Atlantic travel agency» ЖШС-не «гипноз арқылы» төлеген ақшасын қайтарып берді.

Alternative medicine therapist using hypnosis to heal his patient

Сурет: islimming.ru 

Бұл туралы облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жанар Жұматаева мәлім етті, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, талапкер мен жауапкердің арасында туристік қызметті қамтамасыз ету туралы келісімшарт жасалған. Осы құжат негізінде жауапкердің кассасына алдын ала төлем ретінде 230 000 теңге аударылған. Алайда келісімшарт жасалғаннан кейін бір күн өткен соң Әлия Бержанова жауапкерден туристік фирмадан өзі төлеген ақшаны қайтарып беруді өтінуге мәжбүр болған.

«Зардап шегуші өзінің тұтынушы ретіндегі құқығы бұзылғандығын және туристік қызмет заң талаптарына жауап бермейтіндігіне шағымданып, алдын ала төлемді еке есе мөлшерде, яғни 460 000 теңге моральдық шығынды өндіріп беруді сұрады. Сондай-ақ ол сотта келісімшарттың мазмұнын оқымастан қол қойғанын және ақшаны берген сәтте гипноз әсер еткендей күйде болғанын айтқан. Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, талапкердің пайдасына 230 000 теңге өндірілді және туристік қызметті қамтамасыз ету туралы келісімшарт заңсыз деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», – деді Ж. Жұматаева.

Талқылау