Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық тергеушіге күдіктінің әйелінің ұялы телефонын ұрлады деген айып тағылуда

Павлодарда зергерлік бұйымдар ұрлығын тергеумен айналысқан полицейге қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылуда.

7DBABFEB-B1E3-494D-908B-CCABBEC66BDA_w900_r1_s

Сурет azattyq.org

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Іс материалына сүйенсек, Павлодар ІІБ Солтүстік бөлімінің тергеушісі Нұрхат Қайыркеш өткен жылдың шілде айында зергерлік бұйымдар ұрлығын тергеумен айналысқан. Тергеу барысында күдіктінің жұбайы ұрланған заттарды ломбардқа кепілдікке тапсырғаны анықталған. Полицейлерге ломбардтан алынған заттардың ішінде күдіктінің әйеліне тиесілі ұялы телефонның бар екені белгілі болған.

Тергеуші қылмыстық іске қатысы жоқ ұялы телефонды өзіне алған және тергеу жүргізілген кезде байланыс құралына зақым келтіріп, жоғалтып үлгерген. Ол қылмыстық іс аясында алынған барлық заттай айғақтарды арнайы журналға тіркеуге міндетті еді. Дегенмен оның салғырттығы нәтижесінде алынған зат жоғалып қалған.

“Іс Павлодар қаласының № 2 сотында қарастырылуда. Іс бойынша басты сот талқылауы 29-сәуірге белгіленген”, – деді облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жанар Жұматаева.

Талқылау