Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық темір ұсталары ән жазып, ғаламтор жұлдызына айналды

 Павлодарлық темір ұстасы мен газ дәнекерлеуші (газосварщи) ғаламтор қолданушыларын таң қалдырып отыр. Жігіттер «Біз Қазақстаннанбыз» әнін өз әріптестері арасында бірінші болып таныстырған. Оған бейнебаян да түсіріп үлгерген.

рэпер

Ғаламтор желісіне салысымен қазірдің өзінде бұл клип 4 мың рет қаралыпты. Владимир Беликов пен Сергей Васильченко негізінен көп уақыттарын өздері жұмыс істейтін «Қазақстан Алюминиі» АҚ  зауытында өткізеді екен. Бұған қарамастан жігіттер жеке шығармашылықтарын дамытуға да уақыт табады.

«Владимирмен осы жұмыстағы шығармашылық жарыстардың бірінде танысып қалдық.Араласып жүрдік те бір күні ән жазып,бейнебаян түсіруге  келісекеттік»,- дейдіВасильченко.

Бұл әнді  металлургтар екі күннің ішінде жазып шыққан. Артынша бірден бейнебаян түсіруді қолға алған.

«Маған біз жұмыс істеп жатқан рэп бағыты  ұнайды. Владимирдің үйінде жеке студиясы бар. Былай айтқанда оның техникаларының арқасында бейнебаян түсірдік. Достарымыз қолдарынан келгенше көмектесіп отырды,әрине тегін»,- деді Сергей.

Қазақстанның дамуы мен метоллургтардың жұмысы жайлы айтылған алғашқы туындыларын жігіттер Тұңғыш президент күніне  арнапты.

« Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың  темір ұстасы біздің әріптесіміз екенін мақтан тұтамыз. Ол бұл мамандықтың қиындығы мен жауапкершілігін жақсы түсінеді. Елбасы біз үшін тұрақтылықтың ,бейбітшілік пен еліміздің қарқынды дамуының кепілі. Әнде осының барлығын қамтуға тырыстық»,-дейді  Владимир Беликов.

Жігіттердің алғашқы туындысы барлық әріптестері оның ішінде «ҚА» АҚ президенті Арман Есенжоловтың да көңілінен шыққан.

«Қазақстан елбасының арқасында  қарқынды дамып келеді.Бұны біз мақтан тұтамыз. Тұңғыш президент күнін тойлай отырып Нұрсұлтан Әбішұлына құрмет көрсетеміз»-деді Есенжолов.

Желде қолдау тапқан шығармалары жігіттерге әрі қарай  жұмыс істеуге құлшыныс беріп отыр.

«Қазір өзіңіз білесіз барлық дүние қаржыға келіп тіреледі.Сондықтан үлкен сахна жайлы армандар қазірге орнында қалады. Мен Владимир екеуміз әйтеуір бір күні үлкен сахнада ән орындаймыз деп сенемін»,- деді Сергей Васильченко

Жігіттердің арманы аяқ асты орындалып кетуі де ғажап емес. Себебі мұндай жағдай Украинада болған. Темір ұстасы Сергей Галкин  жұмыс орны жайлы ән жазып «Х-фактор» жобасына қатысқан еді. Кейіннен ол сол елдің әншілерінен қолдау көріп  әнін кәсіби студияда жазып шыққан. Енді сол әнУкраинадағы радиолардан беріліп жүр.

 

Талқылау